Алматы қонақ үйі, Алматы - ресми сайт

Гостиница Алматы

Register Form

A password will be e-mailed to you.

«Алма-Ата» қонақ үйінің тарихы

Foto 1
История гостиницы @sk

«Алма-Ата» қонақ үйінің тарихы

«Алма-Ата» қонақ үйінің тарихы

1

«Алма-Ата» қонақ үйі – өткен ғасырдың 60-жылдарының келбетін бекіткен, қаланың мәдени ғимараттарының бірі. Сол өткен ғасырдың революциялық сәулеті, таңдаулығы, сонымен қатар эксклюзивтілігі деп айтуға болады. «Алма-Ата» қонақ үйі «Қазақстан» қонақ үйінен бірнеше жыл бұрын салынып, ҚазКСР астанасына бүкіл Одақтан келетін атақты қонақтарды қарсы алған. Cіздерге, осы жылдар ішінде қонақ үйдің ішінен және сыртынан қалай өзгергенін еске салуды ұсынамыз.

2
Қасбет, 1967-ші ашылған жылы.

«Алма-Ата» қонақ үйінің құрылысын 1962 жылы бастап, 1967 жылы бітірген. Жоба авторлары: Н.И. Рипинский, И.А. Картаси, А.Я. Коссов, В.Г. Чиркин; инженерлері: С. Каламкаров, А. Брохович и Л. Ширшова. Сегіз қабатты ғимарат, жобалау қуаты – 520 орын.

«Алма-Ата» қонақ үйі 1992 жылдан бері тарихи және мәдени ескерткіштер Тізіміне кіріп, жас сәулетшілер шығармашылығы байқауының дипломына(1968 ж.), КСРО министрлер Одағы сыйлығына иелі(1972 ж.). Ғимараттың ерекше көрсеткіші – қасбетінің жұмсақ иілімі. Кейбіреулер она Іле Алатаудың қисық жотасымен салыстырып, кейбіреулер тауға қарай бағытталған садақ иілімін көреді. Мәскеу сәулетшісі Афанасьев, Алма-Атыда өткен, Одақ пленумында сөз сөйлегенде, «Алма-Ата» қонақ үйінің мәскеудегі «Россия» қонақ үйінен еш бір көрсеткішінен қалыспайды.

3

«Алма-Ата» қонақ үйінің мәлімет тақтасы. Таңғалдыратыны, онда Алма-Аты құрылыс техникумын бітірген, негізгі сәулетшілердің бірі – Ивана Афанасьевича Картасидін аты жазылмаған. Қазір оны ешкім түсіндіре алмыйды.

4

«Алма-Ата» қонақ үйінің қазіргі директоры Айдын Қуанышұлы Сұлтанов баяндайды:
– «Алма-Ата» 1967 жылы, барлық заман талаптарына сай: су және жылу жүйелерімен қамтамасыздандырылған, жалғыз қонақ үйі болған. Егер бүткіл Одақтан шетел қонақтары, эстрада, опера және балет жұлдыздары, түрлі конференция өкілдері келген жағдайда, олардың барлығы «Алма-Ата» қонақ үйінде жайғасқан.

5

– «Алма-Ата» қонақ үйі Опера және балет театрына қарама-қарсы орналасқандықтан, кқптеген опера жұлдыздары дәл біздіі қонақ үйімізде жайғасқан. Мысалы, сол уақытта «Бақшасарай фонтанын» сахнада көрсеткен – Григорович.

6

– «Казахстан» қонақ үйін салып, қолданысқа енгізгенде де, «Алма-Ата» өзінің ерекше орнына ие болған. Себебі ол театрландырылған, мәдени қала орталығы болып, маңында саябақтар, әйгілі «Театральное» кафесі орналасқан, оның екінші атауы «Театралка» болған. Қонақ үйінің ішінде әйгілі «Иссык» мейрамханасы ашылды.

7
8

Қонақ үйдің ашылуынан кейін “Иссык” мейрамханасының көрінісі болған .
«Дос-Мұкасан» ансамбілінің бұрынға музыканты Арсен Баяновтың «Алма-Ата неформальная» кітабынан дәйексөз: «Иссык» көп уақып бойы беделді ішкіштік мекемесі болған. Мейрамхана қала орталығында, «Алма-Ата» қонақ үйінің бірінші қабатында орналасқан.Дәл сол жерде азды көпті әйгілі кафелер және мейрамханалар орналасқан. «Иссык» мейрамханасына тек қана өнегелі адамдарды кіргізуге тырысқан. Басқаша айтқанда, солай атаулы фейсконтроль болған, сонымен егер сіздің түріңіз есік күзетшісіне ұнамаған жағдайда, сіз костюм және галстук таққан болсаңыз да кіргізбеуі мүмкін болған».

9

Қонақ үйдің бірінші басқарушысы, бәлкім, қонақ үйдің өзіне карағанда, тым аңызға айналған – Рахимжан Қошқарбаев болды. Ол бірінші болып Рейхстагқа Жеңіс Туын орнатты.
Айдын Сұлтанов:
– Ол адамгершілік, психология, өнегелік мағынасында өте үлкен адам болған, оның аты бүкіл мемлекетке әйгілі еді. Ол барынша әділетті және объективті болып, өзінің қызметкерлері мен серіктестерімен жақын және әрдайым жетімді болған, сантехник немесе тазалаушы болсын, бырлықтарын түрінен біліп, аттарын білген.

10

Суретті Александр Осипов жасаған.

Ұлы Отан Соғысы ардагері, жақында 90 жасқа толған, Жанша Жанасұлы.Ол Рахимжан Қошқарбаевтың, соғыс басында танысқан, жақын досы болған:
– Рахимжан сирек кездесетін адамдардың бірі болған. Рейхстагқа Жеңіс Туын орнатқындықтан емес, кішкентай кезінде ол көптеген кемтарлық көрген. Ол екі немесе үш жасында болғанда анасы қайтыс болған. Рахимжан шамамен 13 жасынла болғанда, әкесін 37-ші жылы түрмеге отырғызып, ол бір өзі қалды. Жетім баланың өмірі қиын болды. Туысқандары оны Ақмола облысындағы Той-Тобе ауылындағы балалар үйіне берді. Сол кезде, бірінші бес жылдықтар өтіп, коммунистік құрылыс соққысы болып, балалар үйінен сол кезде ФЗО (фабрика-зауыттық оқу) деп аталған, Балхаш мысбалқыту зауыты жанындағы, техникалық мектебіне қабылдау жүргізілді. Ол сол жерде көп оқымай соғыс басталды. Рахимжан сонда орта мектепті де аяқтай алмады. 1942 жылы ол 18 жасқа толып, оны әскерге шақырады. Ол Көкшетауда орналасқан 367-ші атқыштар полкінің қатарында болды. Мен де сол жаққа Жесқазғаннан түстім. Бізді сержанттар курсын өтуге, кіші командирлер мектебіне жіберді. Біз сол жерде достастық. 43-ші жылдың жазында өфицерлер мектебіне қабылдау өткізілді. Фрунзе қаласына (қазіргі Бішкек) Томбов жаяу әскер мектебі көшірілген, біз соған да бір атқыш ботальонына, бір ротаға, бір взводқа, бір бөлімге түстік. Тқсектері екі қабатты болған, астында мен жатып, ал Рахимжан үстінде жатты. Дәл сол кезде біз шынымен жақын болып, күнімен де түнімен де айтқандай, бірге болып, шын сарбаздардығ достықтығы не екенін түсіндік. Осылай біз бір жылдай оқып, бізді, 1944 жылдың қыркүйек айында 1-ші Белоруссия майданының Үшінші соққы беретін әскерінің штабы орналасқан, Брест-Литовск майданына жіберді.

11

Суретті Александр Осипов жасаған.

– Рахимжанның туды Рейхстагқа қалай орнатқаны туралы, ол өз «Штурм» атты кітабында толық баяндаған. Қысқаша айтсам: біздің басты соғысымыз 1945 жылы 16 сәуірде басталды. 17 сәуірде мен тесіп өткен жарақат алдым. Ал Рахимжан Берлинге дейін жетіп, расында да ерекшеленді. Ол шабуылды взводтың командирі болған. Және дәл соған Жеңіс туын орнату тапсырылды. Маңыздысы, құжат бойынша, Берлин 2 мамыр күні бағынды, ал Рахимжан, Берлиннің ресми түрде жеңілгенінен екі күн бұрын, туды 30 сәуір күні орнатты, бірақ ол оны күмбездің өзінде емес, бағанаға орнатты. Рейхстагқа дерліктей жақындау мүмкін есем болған: алдында – алаң, артында – канал, бірақ Қошқарбаевтың қолынан келді. Сарбаздар сол қызыл туды көрген кезде, барлық әскер айқаймен Рейхстагқа жапырлап кетті.
Рахимжанның айрықшылығы, оның адалдығында, ғаяр адам еместігінде, иланғыштығында, парасаттылығында байқалатын. Біз онымен соғыс аяқталғаннан кейін бірнеше жыл көріскен жоқпыз, Рахимжан, Ақмолаға, өз туған жеріне қайтып, Мойынды-Шу темір жолының құрылысында қатысып, кадр бөлімінің қызметкері болған сияқты. Сосын Алма-Атыға келді. Біз сирек хат жазысып отырдық. Тағдыр бізді қайтадан Түрксіб шипажайында кездестірді. Ол сол уақытта Рахиляға үйленген болатын, мен де үйленгенмін.

12

— 61-ші немесе 62-ші жыл болған. Рахимжан Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан Қазақ КСР келген адамдарды орналастыру жұмысымен айналасқан, арнайы қызметте жұмыс жасаған. Сол жұмысты Коммуналдық шаруашылық министірлігі жетекшілік етті, онда министр орынбасары, Рахимжанның жақсы танысы, Атымтай Хисанов болған. Дәл сол адам оған со кезде салынып жатқан «Алма-Ата» қонақ үйімен айналысуды ұсынды.

13

— Қошқарбаев оны басқаруда, ең лайығты кандидатура болды. 1988 жылға дейін, өзінің қайтыс болған күніне дейі, жиырма жылдан аса қонақ үйдін директоры болып қалған. Оның айтуынша, ол қиын жұмыс болған, себебі «Алма-Ата» Қазақстаның біріншетаңдаулы қонақ үйі болған. Сол жаққа бүкіл Одақтын еі маңызды адамдары келетін, сондықтан барлығы жоғары деңгейде болуы қажет еді, сонымен қатар сол маңызды адамдармен де, қонақ үй қызмеметкерлерімен де тіл табысыу керек болды, олардың көбісі әйелдер болатын.

14

Әйелдермен жұмыс жасағанның өзінше ерекшелігі бар, бірақ Рахимжанға бәрі іске асатын. Оны директор жетінде жіне адам детінде қадірлеген. Ол үсті-басына кір жуытпайтын, әрқашан мінсіз костюм киіп, таза бәтеңкемен жүретін адам болған және «Алма-Аты» қызметкерлерінен де тәртіпке салып, міндет етті. Қызықты дерек: НДР соғыстан кейін Рахимжан Қошқарбаев атында кеме жасаушылар бригадасы құрылды. Олардың ұжымының атауына айналған, аты аңызға айналған адамның кім екенін білу үшін, 70-ші жылдары сол бригада мүшелері «Алма-Ата» қонақ үйіне келеді.

15

Суретті Александр Осипов жасаған.

Александр Иванович Чернышев «Алма-Атаны» 1989 жылдан 2005 жылға дейін, 17 жылдай басқарды. Ол 1971 жылы 22 жастағы жігіт болып келіп, электршіден бас инженерге дейін өсті. Чернышев қонақ үйдің сайлаудан өткен бірінші және соңғы директоры болған. Горбачевтың бастамашылығы бойынша елде 80-шы жылдардың соңында «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» заңы жүрді. Александр Ивановичті директр лауазымына ұжым таңдады.
– Мен төрт үміткер ішінен жеңдім, әрқайсысы жаңғырту бағдарламасын ұсынды, бірақ солардың ішінен менікі ең жақсысы болды, себебі менен басқа қонақ үйді соншалықты жақсы ешкім білген жоқ. Сол кездер өте қиын болды. Материалдық қор болған жоқ. Ақша болғанымен де, ештеңе сатып ала алмадық, барлығы қор ішінде болған. Тіпті, кешіріңіз, туалет қағазын рұқсат қағазы бойынша алып тұрдық, – деп Александр Иванович есіне түсіреді.

16

– Уақыт өткелі барлығы жақсарып, біз қонақ үйді жаңғарту керек екені туралы шешім қабылдадық. Мен Мальтаға, Германияға, Түркияға тәжірибе жинауға, шетел іссапарларына барғанмын. Сол жақта көргеннің бәрін, осында енгіздім. Солай шамамен 90-шы жылдардың ортасында қонақ үй жаңартыла бастады.

17

Қайта жаңғыртылған қосарланған бөлме, 2014 ж.

– Инженер желісін ауыстыруға ыңғайлы етіп, 8-ші қабаттан бастап бөлмелердің қайта жаңғыртуын жасадық. Клиенттерге жаңа бқлмелер ұнады, сондықтан біз 7-ші, 6-шы қабатты, вестибюлді қайта жаңғартып, тағы бір жаңа мейрамхана аштық. Жаңғарту кезінде, қонақтардың қаталдықтарынан, біз екі бөлмені бір бөлмеге біріктірдік. Бұрын бөлмелердің барлығы 16 шаршы метр болып, екі адамға ғана көзделген.

18

– Одақ кезінде қонақ үйлердің «жұлдыздығы» болған емес. Дәрежелер болған. Жоғарғы «А» – ол «Қазақстан», жоғарғы «Б» – ол біз. Содан кейін, 90-шы жылдары, түптен келгенде, қалалық атқарушы комитеті, біз үміттенген үш жұлдыз атағын берді.

19

«Алма-Атадағы» Анастасия Волочкова және Клара Новикова.
«Алма-Аты» көптеген жұлдыздарды қарсы алған. Осында Муслим Магомаев (4 қабаттағы үш бөлмелі люксте тұрған), Иосиф Кобзон, Олег Табаков, «Кабачок 13 стульев» коллективі, Клара Новикова, Анастасия Волочкова және тағы басқалары, түрлі уақытта орналасқан.

21

«Алма-Атыда» РУДН командасы (КВН).

Александр Чернышев:
– Есімде бары, Роза Рымбаева жаңадан бастап жүрген әртіс болған кезде, біздің бөлмемізде орналасқан, сол кезде онда унитаз белгісіз себептен жарылған. Наразылық білдіруінің жөн екеніне күмәнданды. Әрине, біз бұл оқиғаны оған кешірдік. Алайда, сол кездері барлығы қатал болған: сізді бөлмеге орналастырды, барлығын көрсетті, бәрі жұмыс істейді. Сынса – төле. Мысалы, «Кабачка 13 стульевтегі» Пан Зюзя, Зиновий Выковский, ішіп алып, бөлмені қиратып, төлемей кетті.

22

Картина Меиржана Нургожина «Жазғы жаңбыр».

70-ші және 80-ші жылдары қарапайым адамға қонақ үйге кіру мүмкін емес болған. «Алма-Ата» ерекшелік болмаған. Жұмысбастылықтың 70% Министрлер кабинеті және Қазақстанның жоғарғы кеңесі орындаған. Онда келу кестесін құрайтын арнайы тәлімгерлер жұмыс жасаған. Кейде жұмысбастылық пайызы жоғарыдан жүзге дейін жететін.
Александр Чернышев:
– Сол адамдарды орналастырмай көрсек, бірден «құйқасын алады». Егер қонақ үйде 520 орын болса, ал 600 немесе 700 адам келгенде? Мен не істей аламын? Сондай жағдайларда жұмыстан үйге кетіп, тығылуға мәжбүр болғанмын.

23

Одақ кезінде «Алма-Атыда» люкс бөлмесі 7 рубль 20 тиын, ал қарапайым екі орынды – 4 рубль тұратын. Бір орында – 3,50. Казір «Алма-Атыда» бөлмелер бағасы 15 000-нан (бір бөлмелі) 28 000-ға (люкс) дейін түрленеді.

24

2003 жылы «Алма-Аты» балкондары қапталған бозғылт көк әйнегін, сол кездегі әйгілі алюкубондқа ауыстыруға мәжбүр болдық.
Александр Чернышев:
– Әйнектер уақыт өткелі тот басатын, алюминийлік бұрышымен бекітіліп, құлай бастады. Біз, әйнек біреуді өлтіреді деп қорықтық. Сол кезде алюкобонд, біз таба алған, материалдардың ең лайықтысы болған.

25

Осы жылы «Алма-Ата» қонақ үйі 47 жасқа толады.
Айдын Султанов:
– Әрине, бірдеңкені өзгерті керек. Көк алюкобонд тілімшілері едәуір эклектикалық болып көрінеді және бар сәулетіне сәйкес келмейді. Содықтан бізде қайта жаңғарту ойымыз бар. Ойымыз әлі жасалым кезеңінде, не болатыны йлі белгісіз, бірақ біз қонақ үйге бір ашықтықты келтіргіміз келеді.

26

Мысалы, ChapmanTaylor британ компаниясы осындай қасбет жобасын ұсынады.

27

Дереккөз: “ИСТОРИЯ ГОСТИНИЦЫ «АЛМА-АТА»” – Voxpopuli.kz — сайт фоторепортажей №1 в Казахстане.http://www.voxpopuli.kz/history/1914-istoriya-gostinitsy-alma-ata.html